Ақпарат

Дата: 2024-03-26 12:07:47
Ақпарат

  Мектебімізде  26.03.24  күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»тақырыбында 1-4 сыныптарда ата-аналарға дәріс өтті.Отан отбасынан басталады. Кез келген ата-ана баласына дұрыс тәлім-тәрбие беруге міндетті. Оларды еңбекке, білімге баулуға, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге үйретулері тиіс. Бұл барлық ата-ананың мойнына жүктелген борыш екені айтылып, ата- аналар өз ойларын қосты.Баланың бойына  барлық  жақсы  қасиеттерді дарыту, тіпті  жанында жүрген  достарына  дейін  мән беру, табиғат сыйлаған  дарыны болса дамыту,  дұрыс білім  алуына жағдай жасау – ата – ананың басты парызы. Бала – әр жанұяның бақыты.  Олай болса, өз бақытымызды  бағалай білейік. 

Автор: №9 ОМ