Оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты
Дата: 2024-03-11 12:09:05
2024 жылдың 11 наурызы күні 1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша:
1 сыныптар – «Кішіге жауапты бол, үлкенді сыйла»;
2 сыныптар –«Салауатты өмір салты»;
3 сыныптар –«Жоқ! Мектептегі бұзақылық»;
4 сыныптар –«Бәсекелесуді үйрену»;
5 сыныптар –«Құқық бұзушылық пен қылмыс-игі істерден тыс»;
6 сыныптар –«Жауапсыздықтан қылмысқа дейін бір қадам.»;
7 сыныптар –«Жануарларға қатыгездік үшін жауапкершілік. ҚР ҚК 316-бап»;
8 сыныптар –«Қылмыстық қылмыстар және олар үшін кәмелетке толмағандар үшін жауапкершілік. ҚР ҚК 6-бөлім»;
9 сыныптар –«Жасөспірімдерді есірткі қолдануға қалай тартады. Есірткі заттарын қолданудың алдын алу, кальян, насвай, темекі шегуге тыйым салу. ҚР ҚК 299-б.»;
10 сыныптар –«Вейп, есірткі-бір қиындықтың байланысы»;
11 сыныптар –«Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"Кодексі. Отбасылық қатынастар. ҚР неке жасы. Неке қию. Неке шарты. Некені тоқтату. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың меншігі. Ерлі-зайыптылардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі. Балалардың ата-аналарына қатысты міндеттері» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.
Сынып сағаттарында отбасы заңдылықтары, патриотизм, заң дегеніміз не, құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкімшілік жаза туралы айтылды. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз. Заңның түрлері көп екенін білесіздер, бірақ сол көп заңның барлығы Ата Заңымыздың негізінде жасалады. Сондықтан негізгі заңды елдің туы ,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз екені айтылды.