Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты

Дата: 2024-02-28 18:02:22
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның  тексеріс ақпараты
2024 жылдың 27 ақпаны күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.
Автор: №9 ОМ