Ақпарат

Дата: 2024-02-02 16:48:33
Ақпарат
01.02.2024 жылы бастауыш бірлестігінің апталығы аясында Абдрахманова Айжан Манатаевна 4 «Ә» сыныбында «Табиғатты қорғаймын. Көмектес септік» тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Мақсаты: көмектес септіктің жалғауын білу, өз пікірін дәлелдей алу. Сабақ барысында мақсатқа сәйкес тапсырмалар жүйелі қамтылды. Белсенді оқыту әдістері, топтық, жұптық, жекелей орындалатын тапсырмалар білім алушылардың қызығушылығын арттырды.
Автор: №9 ОМ