Ақпарат
Дата: 2024-01-19 09:34:22
Мектебімізде 18.01.24 күні 1-11 сыныптың ата- аналарына жиналыс өтті. Жиналысқа №1 поликлиника қызметкері, алдын алу бөлімінің меңгерушісі Омаров Виталий Александрович қатысты. Виталий Александровия ата-аналарға қызылша ауруы қазір әлемде дендеп тұр. Ел, елімізде бұл аурумен ауырғандардың жартысынан көбі оған қарсы екпе алмағандар екенін айтып өтті. Қызылша – ауа тамшылы жолмен тез тарайды. Қызылшаға екпе алмаған адам науқаспен қысқа уақытта байланыста болса да жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл вирус ауа арқылы тез таралуына байланысты, науқас адаммен тікелей байланыста болмасаңыз да, инфекцияны жұқтыру науқаспен бір бөлмеде аз уақытта болудың өзі жеткілікті екенін түсіндірді. Ата- аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.