Размер шрифта:

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағының ақпараты

Дата: 2023-12-15 08:51:50
 Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағының ақпараты
Мектебімізде 14.12.23 күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында , «Бұлақ көрсең, көзін аш» Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз тақырыбында 7-8 сыныптардың ата -аналарына сынып жетекшілер Д.Абдгаппарова, Ә.Конакбаева, Г.Козгуренова дәріс өткізді. Ата-аналардың отбасында баланың шығармашылық қабілетін ұлттық ойындар негізінде дамыту дағдыларын жетілдіру, ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, шығармашылық, әлеуметтік интеллекті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Шығармашылық тұлғаны дамытудағы ең бастысы - ата – аналармен бірге қызықты бірлескен шығармашылық тапсырмалар орындалып, тренинг өткізілді. Шығармашылық тұлғаны тәрбиелеудегі сәттілік сіздің үйіңіздегі атмосфераға, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа байланысты екенін тайтып өтті. Бүгінгі күннің және жалпы қазіргі білім жүйесінің басты мақсаты бәсекеге қабілетті, яғни халықаралық аренада өзін еркін ұстай алатын зияткер ұрпақты тәрбиелеу, әр баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетін, дарындылығын танып, біліп оны заманына қарай икемдеп жетілдіру болып табылады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамытуда әрине көбіне ұстаздың атқаратын ролі өте зор.
Автор: №9 ОМ