Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағының ақпараты
Мектебімізде 9.11.23 күніАта-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады» тақырыбында 9 Б сынып жетекшісі Г.Т. Джакупжанова ата -аналарға сабақ өткізді. Ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Ата- аналарға өсіп келе жатқан баланың өміріндегі дағдарыс жасы және осы кезеңдегі мәселелерді шешудің кілтін қалай табуға болатындығы туралы ақпараттар беріліп, топтық жұмыстар орындалды.
Директордың тәрбие ісі -жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатын айтып, «Ұлттық мүдде»,«Ар-ұят», «Талап» құндылықтарына тоқталды.