«Менің құқықтарым- менің міндеттерім» сынып сағаттарының ақпараты
Мектебімізде 18.09.23 күні 1-11 сыныптарда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сынып сағаттары және жиын өтті. «Менің отбасым – Отанымыздың бір бөлігі», «Біздің өміріміздің басты заңы –Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Құқық бұзушылық.Қылмыс» тақырыптары сыныптарда талқыланды. Оқушылар отбасы заңдылықтары, патриотизм, заң дегеніміз не, құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкімшілік жаза туралы айтылды. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз. Заңның түрлері көп екенін білесіздер, бірақ сол көп заңның барлығы Ата Заңымыздың негізінде жасалады. Сондықтан негізгі заңды елдің туы ,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз екені айтылды.