Отбасы күніне арналған "Отбасы –бақыт мекені" атты іс-шаралар ақпараты
Дата: 2023-09-11 09:07:11
11.09.23 күні №9 жалпы білім беретін мектебінде «Отбасы – шағын мемлекет» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Сол себепті, отбасы Отанның бір бөлшегі ретінде қарастырылады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие