«Мектебім -мейірім мекені» сынып сағат ақпараты
Дата: 2023-09-01 12:31:16
1- қыркүйек Білім күнінің алғашқы сабағы 2-11 сыныптарда «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбымен тәрбие сағаттары өтті. Қай кезеңде де қазақстандық қоғамда білім құндылығы жоғары дәріптелген. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды оқу-ілімге шақырды.Ы.Алтынсарин арқасында алғашқы қоңырау соғылды. Оның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі де жастарды білім алуға шақырып, оқу, өнер, ғылым – білімнің жалпы халық үшін даму жолы екендігін насихаттады. Білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқыланып, және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
@uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие