«Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН

Дата: 2023-08-21 12:54:06
«Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН
21 тамыз күні Қарағанды облысы білім беруді дамыту Оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Қарағанды облысының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН өткізілді. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері бұл шараға қатысып, былтырғы оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері мен ерекшеліктерімен танысты. Әдістемелік күнде Алтын тұғыр олимпиадасы, Логика күні жобасы, Зейін жобасы, Педагогикалық идеялар фестивалі, 1000 мектеп жобасы, оқушылардың БЖБМ, функционалдық сауаттылық апталықтары жайында сөз қозғалды. #gulsimkozhahmetova #bahyt_himaldin #balkash_qalasy_bilim_bolimi #goroo_balkash
Автор: №9 ОМ