Ата – аналар жиналысы
№9 жалпы білім беретін мектебінде 23.05.23ж. күні 1-11 сыныптың ата –аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Д.Жолдасова, ЖПКБ ЮПТ аға лейтенанты А.А. Нұрбек, құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанов, оқу ісі жөніндегі орынбасары Шубаева Ж.,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова қатысты.
Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер төмендегідей:
1. 9-11 сыныптардың қорытынды аттестаттау, емтихан ережелерімен танысытыру
2.«Жаз мезгіліндегі жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау мәселелерін алдын-алу және шешу жолдары»
3. Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі
4. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
5. Буллинг дегеніміз не және одан баланы қалай қорғай аламыз?
6. Мектеп формасы және әр түрлі мәселелер сұрақтары қамтылды.Ата- аналарға оқушылардың жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтары қамтылды.Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар беріліп, ата – аналарға жадынамалар ұсынылды. Құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанова жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» ,«Су сенің досың және қасың» жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатқандығына тоқталды. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, ережелермен таныстырып өтті. 1-4 сыныптарда 5.06.23-30.06.23 аралығында «Балдәурен» алаңы ұйымдастырлатындығы хабарланды.