Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2023-03-15 15:09:32
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өткізілген дәрістің ақпараты
2023 жылдың 15 наурызы күні Балқаш қаласы оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова мен ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков 1-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Жасөспірім және заң», «Қылмыстық кодексте көзделген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілігі», «Көктемгі демалыс уақытындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар,  көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, құқық бұзушылықты болдырмау.
#Қарағандыоблысыбілім09
 #ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ