«Әкелер» мектебінің Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу ақпараты
Дата: 2015-02-27 07:45:49
17 ақпан күніАуған ардагерлері И.В. Миглазов, С.И. Русских және «Әкелер» клубының әкелері шақырылды. Кездесу кешін мектептің жас маслихат депутаты Бөгенбаева Нұржанар және Жас ұлан ұйымының ұланбасы Қалқаш Бегарыс жүргізді. Ардагерлерге арнап оқушылар ауған соғысы туралы өлеңдер оқып, мың бұрала би билеп, ән айтты. Ауған ардагерлері өздерінің басынан өткен сан қилы оқиғаларын және Ауған жерінен туған жерге оралмай қалған сарбаздар жөнінде көздеріне жас алып бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кеш соңында оқушылар мен әкелер Ауған ардагерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын берді. Кездесу кешінің қорытынды сөзін мектеп директоры Г. Әби жалғап, Ауған ардагерлеріне естелік ретінде сыйлықтар ұсынды.