«Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында өткен жиналыс ақпараты

Дата: 2023-02-14 14:15:39
«Сен өз құқығыңды білесің бе?»   тақырыбында  өткен жиналыс ақпараты

14.02.23 күні мектебімізде «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында  «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында қала прокурорының прокуроры, Куанышбек А., 7-8 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді.Оқушылардың  мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, сабақты себепсіз босатуы,жайында тоқталды. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», «Бала құқықтары декларациясы» мен Қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» жайында балаларға түсінік берілді.Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатқанын айтып өтті. 

Автор: №9 ОМ