құқықтық білім беру отырысының ақпараты
Дата: 2023-01-27 13:26:43
2023 жылдың 27 қаңтары күні Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ полиция инспекторы А.А.Нұрбек 3-4 сынып оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Менің құқығым» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.