Құқықтық білім беру отырысының ақпараты

Дата: 2022-12-22 09:56:53
Құқықтық білім беру отырысының ақпараты
2022 жылдың 22 желтоқсаны күні Балқаш қаласы ПБ ЖПКБ полиция аға лейтенанты А.А.Нұрбек қатысуымен 7-11 сынып оқушылармен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жаңа жылдық мереке және қысқы демалыс уақытында құқық бұзушылықтың алу үшін дәріс жүргізді. Дәріс барысында құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстырды. Оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың құқық бұзушылыққа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК#РУМЦДОМОНРК #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ