Ақпарат Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Дата: 2022-12-08 17:19:00
Ақпарат Қарағанды облысы білім басқармасының  Балқаш қаласы білім бөлімінің                                        «№9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектебімізде 08.12.2022ж. күні «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы аясында 8 «В» сыныбымен «Шоқан Уәлиханов – дарынды ғалым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы тарих пәнінің мұғалімі Токбулатова Гульназ Темирхановна. Аталған іс-шараның мақсаты: Қазақтың біртуар азаматы Шоқан Уәлихановтың дарынды ғалым, жан-жақты зерттеуші философ екенін дәріптеу. Кездесу барысында викториналық сұрақтар, ой толғау, видеороликтер көрсетілді. Шоқанның ағартушылық өмірі мен ғылыми зерттеу еңбектері бойынша кластерлер жасалды. Оқушылар өз ойларымен,жеке пікірлерімен белсенді түрде бөлісті.
Автор: №9 ОМ