Ақпарат

Дата: 2022-12-06 15:08:18
Ақпарат

6 желтоқсан күні мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Әбдіғаппар Үміт Сейтжанқызы Қазақстан тарихы пәнінен 7ә сыныбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ тақырыбы: 1822-1824 жылдардағы патша реформалары. Оқу мақсаты: дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау. Педагог сабақ мазмұнын ашу мақсатында түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді назарға алды. Атап айтсақ: «ПОПС» әдісі, «Сөйлейтін сандар», «Қиюын тап» т.б. Берілген әдістерді қолдану барысында педагог білім алушылардың жеке, жұптық жұмысын көрсетті. Сабақта пәнаралық байланыс пен сындарлы бағалау формаларын ұтымды көрсете білді. Ашық сабақ тарихи сауаттылық апталығы аясында өткізілді.

#uo_krg

#ҚОББТӘРБИЕ

@go_balkhash

# balkhash9мектеп

Автор: №9 ОМ