«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты
Дата: 2022-11-21 10:42:31
2022 жылдың 21 қарашасы күні 1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша:
1 сыныптар –«Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері»;
2 сыныптар –«Қазақстан мемлекеттік рәміздерінің тарихы»;
3 сыныптар –«Балалардың негізгі құқықтары мен міндеттері. Бала құқықтары туралы Конвенция. Бала құқықтары туралы заң»;
4 сыныптар –«Қазақстан азаматының құқықтары мен міндеттерінің бірлігі»;
5 сыныптар –«Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған ескерткіш. Отанымыздың астанасындағы "Қазақ елі" монументі, оның маңызы»;
6 сыныптар –«Демократия дегеніміз не және оның негізгі принциптері»;
7 сыныптар –«Діни экстремизмнің бастауы»;
8 сыныптар –«Криминогендік сипаттағы жағдайлардағы мінез-құлық ережелері»;
9 сыныптар –«Қоғамдық орында темекі шегу және алкогольді ішімдіктерді ішу жауапкершілігі»;
10 сыныптар –«ҚР ӘҚБтК 25,28,41-баптардың 3-тарауы. Қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Кәмелетке толмағандардың ұстау және қамауға алу кезіндегі құқықтары» ;
11 сыныптар –«Әлеуметтік нормалар және қоғамға қарсы мінез-құлық (қылмыс, нашақорлық, алкоголизм)» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.
Сынып сағаттарында әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жауапкершілік, кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, бала құқықтары, заң туралы айтылды. Сынып сағаттарының мақсаты: адам құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру. Әрбір жеке азаматтың өз құқығын білуге тәрбиелеу. Демократиялық көз –қарас қалыптастыру.