«Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы » сынып сағат ақпараты
Мектебімізде 14.11.22 күні — Ұлттық валюта күніне орай жиын өтті. Жиында 5 а сыныбының үгіт - насихат топтары ақпарат берді. «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Ұлттық валюта Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің нышандарының бірі болып табылады.Жеке ақша бірлігін енгізу тәуелсіз экономикалық және ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады. Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту мақсатында ұйымастырылды.