№9 жалпы білім беретін мектебінде 28.10.22 күні өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты
Дата: 2022-10-28 15:13:29
№9 жалпы білім беретін мектебінде 28.10.22 ж. күні ZOOM платформасы арқылы 1-11 сыныптың ата –аналар комитетіне жиналысы өтті. «Ұлағат» әкелер, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері қатысты. Барлық қатысқан ата – аналар саны 30.
Күн тәртібі:
1.І тоқсанның қорытындысы
2.«Күзгі демалыстағы қауіпсіздік ережелер»
3. Әр түрлі мәселелер
Мектеп директоры Д.Жолдасова І тоқсанның қорытындысы, оқушылардың жетістіктері жайлы айтып өтті.
ІІ тоқсанда жүргізілетін жұмыс жоспарларымен таныстырылды. Күзгі демалыстағы қауіпсіздік ережелеріжайында, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында тоқталды. Жиналыс соңынан мектеп ата-аналары өз ойлары мен пікірлерін білдірді.