Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты
Дата: 2022-10-26 16:05:47
2022 жылдың қазан айының 21 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.