«Берік отбасы- берік мемлекет» тақырыбында аналармен өткізілген дөңгелек үстел ақпараты
26.10.22 күні «Мейірім» аналар мектебінің жетекшісі А.Аханова «Берік отбасы- берік мемлекет» тақырыбында аналармен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді мектеп психологы Р.Сатимбекова ата – аналарға арналған психологиялық тренингпен бастады. Ата-аналардан сауалнама алынды, бейнебаян көрсетіліп, топпен жұмыс жасалынды.
Отан сүйгіштік, патриотизм, ұлтжандылық, мейірімділік, сондай-ақ, имансыздық пен жауыздық, мейірімсіздік пен аяусыздық та осы отбасында алған тәрбиесінен бастау алады. Сол себепті, елім өссін, өркендесін деген әрбір адам өз шаңырағындағы тәртіпті қалыптастырып, отбасылық құндылықтарын дәріптей білуі керек. Және ұрпағын да соған бейімдеп өсіргені абзал. Аға буын отбаслық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді сақтауға көп көңіл бөлуді айтып өтті.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі тек қана мұғалімнің тарапынан емес, ата – аналар тарапынан да көмек қажет екені айтылды.