Ақпарат Тілдарын байқауы

Дата: 2022-10-21 12:51:21
Ақпарат Тілдарын байқауы

«Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі» ММ «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес үш тілді жетік меңгерген жастар арасында офлайн форматта «Тілдарын»  байқауын ұйымдастырды. Балқаш қаласының 85 жылдығы мен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарының аясында ұйымдастырылған «Тілдарын» атты қалалық байқауына мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бейсенбай Сұңғат Сағынайұлы қатысып жүлделі 1 дәрежелі дипломымен марапатталды. Сұңғат Сағынайұлы бұл байқауда өзінің қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті ұстаз екенін дәлелдеді. Ұстазымызға еңбек жолында тек биік белестер мен дарынды шәкірттерді тәрбиелеуіне тілектеспіз.

Автор: №9 ОМ