Жыл мұғалімі-2022 байқауы
Дата: 2022-10-21 11:49:19
Мектепшілік Жыл мұғалімі-2022 байқауына математика пәні мұғалімі Жұман Дина Жанатовна 6А сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оң және теріс рационал сандарға амалдар қолдануға берілген тапсырмалар орындалды. Оқушыларды бағалау үшін түрлі формативті бағалау әдістері пайдаланылды. Педагог материалдың маңыздылығын аша отырып, оқушылардың есептеу дағдыларын шыңдай түсті. Берілген барлық тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятып, сабақтағы белсенділігін көтеруге негізделген. Топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері қолданылды.