Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген дәрістің ақпараты
Дата: 2022-10-18 14:45:50
2022 жылдың 18 қазаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Балқаш қаласы ПБ ЖПКБ полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановна 7-11 сынып оқушыларына «Жас өспірім және Заң» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісте заң дегеніміз не, құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкiмшiлiк жаза туралы айтылды.
Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз. Заңның түрлері көп екенін білесіздер, бірақ сол көп заңның барлығы Ата Заңымыздың негізінде жасалады. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз.
#балаларжылы09
#годребенка09