«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты
2021 жылдың 10 қазаны күні 1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша:
1 сыныптар –«Қазақстан –көп ұлтты мемлекет»;
2 сыныптар –«Қазақстан –біздің ортақ үйіміз»;
3 сыныптар –«Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» кешені бізге не туралы айтып береді?»;
4 сыныптар –«Қазақстан –көп ұлтты егемен мемлекет»;
5 сыныптар –«Жер бетіндегі ең басты қала –біздің Астанамыз»;
6 сыныптар –«Азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері. ҚР Конституциясы 1-бөлім»;
7 сыныптар –«Бала құқықтары туралы заң. Неліктен заңдарды орындау керек»;
8 сыныптар –«ҚР ӘҚБтК әкімшілік жауапкершілік: 25-тарау. 435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық; 437-бап. Тыныштықты бұзу; 438-бап. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру»;
9 сыныптар –«Үйде және көшеде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету»;
10 сыныптар –«ҚР ӘҚБтК 25,28,41-баптардың 3-тарауы. Қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Кәмелетке толмағандардың ұстау және қамауға алу кезіндегі құқықтары» ;
11 сыныптар –«Жала жабу. ҚР ӘҚБтК 73-3-бап. Жеке тұлғаның қадір –қасиетін құқықтық қорғау»тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.
Сынып сағаттарындаәкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жауапкершілік, кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, бала құқықтары, заң туралы айтылды. Сынып сағаттарының мақсаты: адам құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру. Әрбір жеке азаматтың өз құқығын білуге тәрбиелеу. Демократиялық көз –қарас қалыптастыру.