«Тамақтану – тіршілік негізі» тақырыбында өткізілген сынып сағатының ақпараты
Дата: 2022-10-03 14:56:38
3.10.22 күні «Тамақтану – тіршілік негізі» тақырыбында 1-6 сыныптарда саптық жиын өтті. Жиында 5 Ә сыныбының үгіт - насихат тобы ақпарат берді. Сынып сағаттарында оқушыларға дұрыс тамақтану олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттыратындығы айтылды. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейтіндігі ескертілді.#ҚОББтәрбие#balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdig@uo. krg@umckrg