Ардагерлер күніне орай өткізілген сынып сағатының ақпараты
Дата: 2022-09-26 14:13:24
Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өмірінің көбі кетіп, азы қалған ардагер қарттарымызға құрмет көрсету мақсатында мектебімізде 26-қыркүйек күні «Жас пен даналыққа құрметпен» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.