ҚР Президенттің Жолдауы туралы ой-пікір

Дата: 2022-09-12 14:56:57
ҚР Президенттің Жолдауы туралы  ой-пікір
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды.
«Маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі - мәдениет, архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын 2025 жылға дейін орта есеппен 20 пайызға кезең-кезеңімен көтеріледі. Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілді.
«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек»  - деді Мемлекет басшысы.
Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ», деген Мемлекет басшысының сөзін менде қолдаймыз.
 
     Жбб №9 мектебі
Автор: №9 ОМ