«Ахмет Байтұрсынұлы және тілші мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел

Дата: 2022-09-06 17:47:25
«Ахмет Байтұрсынұлы және тілші мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел
«Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға белсене қатысуда. 06.09.2022 жылы 6-сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы және тілші мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды. Мектебіміздегі тарих пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Үміт Сейтжанқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Олар өздері дайындаған слайдтары мен буклеттері бойынша сөйлеп, Ахмет Байтұрсынұлының тілшілік қасиетін тереңнен насихаттады, постер құрады, өздерін қызықтырған біраз сұрақтардың жауабын алды.
Автор: №9 ОМ