Мектеп ережелерімен таныстыру жұмыстарының ақпараты

Дата: 2022-09-03 15:52:32
Мектеп ережелерімен таныстыру жұмыстарының ақпараты
2022 жылдың 2 қыркүйегі күні мектеп әкімшілігі 1 – 11 сынып оқушыларына мектеп ережелері мен тәртіп жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры Д.Жолдасова «Тәртіп — тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» демекші оқушыларды мектеп ережесін сақтауға, тәртіпті болуға, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға шақырды.
Автор: №9 ОМ