Басшы сағатының ақпараты

Дата: 2022-08-27 15:26:02
Басшы  сағатының ақпараты
27.08.22 күні 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына №9 жалпы білім беретін мектеп директоры Д.Жолдасова «Басшы сағатын» онлайн форматта өткізді. Оқу жылындағы жетістіктерге тоқталып,ата-аналарға жаз мезгілінде мектепте атқарылған жөндеу жұмыстары туралы айтып өтті. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы өзгерістерге тоқталды.Алдағы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту, ерекше білім беруге қажеттігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау болып табылады. Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды.Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Биылғы жылы мектеп бес күндік жұмыс форматына көшетінін айтып өтті. 1-10 сыныпқа қабылдау, оқулықтармен қамтамасыз ету, сонымен қатар мектеп формасына қойылатын басты талаптарды атап өтті. Биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктер айтылды. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туарлы ақпараттар берілді. Жиналыс соңында мектеп ата-аналары сұрақтар қойып, өз ойлары мен пікірлерін білдірді. @uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие
Автор: №9 ОМ