Бос лауазымдарға қабылдау үшін конкурс жариялайды.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№9 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес төмендегі бос лауазымдарға қабылдау үшін конкурс жариялайды. 1. Қабылдау 2022-2023 оқу жылына жүргізіледі. 2. Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді. 3. Қажетті құжаттар тізімі: Байқауға қатысу туралы өтініш; Жеке басты құжаттың көшірмесі; Кадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады (нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса); Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері; Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, магистр-педагог біліктілік санатының сертификаты (бар болса); Біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса); Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса); Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған); Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы және 5х6-2дана 3х4-2дана фото; Денсаулық жағдайы туралы анықтама (EGOV сайтынан алу); Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы; Наркологиялық ұйымының анықтамасы; Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама; Тубекулезге қарсы диспансерден анықтама; 4. Конкурсқа қатысу үшін: Конкурстық комиссияның қарауына құжаттар пошта бойынша, қолма-қол Балқаш қаласы, Сейфуллина 5 мекен-жайы бойынша, және sch.9@bk.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады. Анықтама үшін телефон: 8 (710) 36 4-63-08 5. Келесі лауазымдар бойынша бос орындар бар: Математика пәні мұғалімі-1 жүктеме, тұрақты Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі-1 жүктеме декреттік орын Тарих пәні мұғалімі-1 жүктеме, тұрақты Орыс тілі пәні мұғалімі-1 жүктеме, тұрақты Мектеп психологы-2 жүктеме, декреттік орын Бас кітапханашы-1 жүктеме, тұрақты Лаборант-1 жүктеме, декреттік орын Аула тазалаушы-1 жүктеме, тұрақты Еден жуушы-1 жүктеме, декреттік орын