«Мектепке жол» Республикалық акциясы

Дата: 2022-08-01 20:13:11
«Мектепке жол» Республикалық акциясы
2022 жылдың 1 тамызында Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Биылғы жылы акция Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Жалпыреспубликалық акция 2022 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтеді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу. Осы шараны жүзеге асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізудің Тұжырымдамасын әзірледі. Акция мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық уақытында материалдық көмек көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын-алу болып табылады. «Мектепке жол» акциясы балаларға білім алу кезінде қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсете алады, оның мектепке барар жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға көңіл бөлуде және шынайы қамқорлық көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Баршаңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз! #мектепкежол2022 #дорогавшколу2022 #балаларжылы09 #годдетей09
Автор: №9 ОМ