7-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дата: 2022-06-07 12:21:53
    7-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты
Маусым айының 7-сі күні лагерь демалушылары қалалық «Өрт сөндіру» бекетіне барып қайтты. «Өрт сөндіру» бекетінің қызметкерлері қызықты да танымды экскурсия жасады. Балаларға алдымен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып, балалардан өрт сөндірушілер туралы, өрт бола қалған жағдайда қандай нөмірге қоңырау шалу керектігін сұрап өтті. Сонымен бірге өрт сөндіретін арнайы көліктер гаражына барып, өрт сөндіретін көліктердің түрлерімен, арнайы киімдерімен таныстырды. Балаларға өрт сөндіруші қызметкерлердің өрт болмаған жағдайда немен айналысатындығы туралы айтылды. Соңында өрт сөндіруші қызметкерлері өз жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Балаларды қызықтырған сұрақтарға толық жауап берілді. #МОНРК #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @kp_balkhash @go_balkhash @in_balkhash @balqash @orken.media @balkhashtv @severnoe_pribalkhashe_news @balqash_oniri_gazeti @balqash_qalasy_akimdigi #балаларжылы09 #годребенка09
Автор: №9 ОМ