№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінде 2 маусым өткізілген іс-шаралар ақпараты
Дата: 2022-06-02 13:32:57
2022 жылдың 2-маусымы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің балалары Балқаш су-құтқару станциясына саяхатқа барды. Саяхат барысында балаларға жазғы уақыттағы судағы және су жағалауындағы қауіпсіздік туралы Балқаш қаласы құтқару бөлімінің құтқарушы медбикесі Абжанова Багдат Сатбекқызы айтып өтті. Балалар құтқарушылардың жұмысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
#балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi