Басшы сағаты
Дата: 2022-05-18 10:08:46
№9 жалпы білім беретін мектебінде 17.05.22ж. күні 5-10 сыныптың ата –аналарына ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан басшы сағаты өткізілді.Басшы сағатына мектеп директоры Д.Жолдасова, қала прокурорының прокуроры , Куанышбек А. ЖПКБ ЮПТ аға лейтенанты А.А. Нұрбек,құтқарушылар орталығының медбиекесі Б.С. Абжанов, оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Шакирова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова қатысты.
Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер төмендегідей:
1. «Жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылықты болдырмау мәселелерін алдын-алу және шешу жолдары»
2. Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі
3. «Жазғы мектеп»
4. Нашақорлықтың алдын алу
сұрақтары қамтылды. Ата- аналарға оқушылардың жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтары қамтылды.Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар беріліп, ата – аналарға жадынамалар ұсынылды. Құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанова жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» ,«Су сенің досың және қасың» жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатқандығына тоқталды. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, ережелермен таныстырып өтті. Нашақорлықтын алды алу, біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болу үшін мінез - құлқындағы психологиялық өзгерістерге баса назар аудару өте маңызды екенін айтылды.Балалардың бос уақытын тиімді байдалану мақсатында 1-10 сыныптарда 26.05.22-17.06.22 аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылатыны ескертілді. #ҚОББтәрбие @@uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolimi#балаларжылы09