"Балауса" топтарында қоштасу кеші өтті.

Дата: 2022-05-13 15:24:45
13 мамыр күні "ЖББ 9 мектеп" КММ "Інжу" шағын орталығында, мектепалды даярлық "Айсамал", "Балауса" топтарында қоштасу кеші өтті. Қоштасу кешіне мектеп директоры, ата-аналар, тәрбиешілер, балалар қатысты. Кештің мақсаты: Балалардың көңіл-күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Оқуға деген қызығушылығын арттыру. Мектеп басшысы, шағын орталық әдіскері, ата-аналар бүлдіршіндерге деген ақ тілектерін білдірді. Балалар ән айтып, тақпақ айтып, би биледі.Әдіскер мақтау қағаздарымен балаларды марапаттап, сыйлықтар беріп, кешті аяқтады.
Автор: №9 ОМ