"9 мамыр - Жеңіс күні" тақырыбында ертеңгілік

Дата: 2022-05-06 13:19:32
"Інжу" шағын орталығында "9 мамыр - Жеңіс күні" тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру; Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге-ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу; Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту. Ертеңгілік барысында балалар ән, тақпақ айтып, би биледі. Ата-бабаларымыздың көрсеткен ерліктерімен танысты. «2022 жыл - Балалар жылы» аясында #ҚОББтәрбие#балаларжылы09
Автор: №9 ОМ