«Қауіпсіз интернет» атты ақпарат

Дата: 2022-04-14 17:34:38
«Қауіпсіз интернет» атты ақпарат

04-15 сәуір аралығында ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан ұйымдастырылды.Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.Осыған орай мектепшілік жоспар құрылып директормен бекітілді. Аталған науқан өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. 6,9,10,11 сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-11 сыныптар арасында «Интернетке тәуелділік?», «Қауіпсіз интернет», «Қауіпсіз ғаламтор», «Пайдасы бардың зияны да болады» тақырыбына іс-шаралар өткізді. Мектеп кітапханасында «Интернет орнына кітап» біркүндік акциясын өткізілді. Қауіпсіз интернет ақпараттық іс- шара аясында, оқушылар арасында компьютер мен смартфонда күніне неше сағат отыратындығы туралы сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты: оқушыларға компьютер мен смартфондар адам денсаулығына зияны туралы айту, қанша алдын-алу шараларын жүргізуді ұйымдастыру.

Автор: №9 ОМ