Отбасы сағаты
Дата: 2022-04-09 08:52:52
Мектебімізде 8.04.22 күні мектеп психологы Ф.Садуакасова «Ата-ананың жасөспірімді қолдауының 4-стратегиясы» атты 11-сынып оқушыларының ата-аналарына отбасы сағатын өткізді. Мақсаты: ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі. Ата-анаға ҰБТ нәтижесінің маңыздылығы олардың баланың денсаулығы мен эмоционалдық саулығына алаңдаушылығынан басым болмауы керек. Жасөспірімдерді қолдау бойынша ата-ана стратегиялары: Өз балаңды құшақтау, күлімдеп қарау, қолдау, сөлесу,қобалжуы мен қорқынышын басу, дұрыс, ынталандыратын, тыныштандыратын және баланың өзіне деген сенімін ұялататын ақыл-кеңес,құнарлы, дәруменді тамақ тұтынып, эмтихан кезінде көп тамақтанбауға кеңес берілді.