«Ұлтымыздың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында сыныпсағатақпараты

Дата: 2022-04-04 14:49:21
«Ұлтымыздың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында сыныпсағатақпараты

Мектебімізде 04.04.22 күні Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға  – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.Оқушылар ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

Автор: №9 ОМ