«Қауіпсіздік ережелері» тақырыбында өткізілген іс-шара ақпараты

Дата: 2022-03-18 15:51:07
«Қауіпсіздік ережелері» тақырыбында өткізілген  іс-шара ақпараты

  Мектебімізде 18.03.22 күні 1-11 сынып оқушыларына «Қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаттары  өтті. Мақсаты – көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айту, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Оқушыларға көктемгі  демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, мектеп оқушыларының арасында жиі кездесетін түнгі уақыттардағы жүріс, мұздағы қауіпсіздік, біреудің затын рұқсатсыз алып кету сияқты жағымсыз әрекеттерден аулақ болу керектігін түсіндірді. АӘД мұғалімі С.Ельшибеков 5-11 сыныптарға  жолдағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, мұздағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып шықты.

Автор: №9 ОМ