Директор сағатының ақпараты

Дата: 2022-03-12 13:17:37
Директор сағатының ақпараты
11.03.22 күні мектебімізде 6-11сынып ата–аналарына ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан «Жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылықты болдырмау, алдын алу және шешу жолдары» тақырыбында директор сағаты өткізілді. Директор сағатында сынып жетекшілер, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог және мектеп психологтары қатысты. Сонымен қатар ЖПҚБ ПБ полиция аға лейтенанты Нұрбеков Аян Алтайұлы жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық туралы айтып өтіп, ата-ананың жауапкершілігін еске салды. Мектеп психологы Абеуова Саяна Ормашевна «Жасөспірімдердің интернет желісіндегі қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқып, Кибербуллинг тақырыбына тоқталды. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету екендігі айтылды. Кибербуллингтің алдын алуға шаралары мен кибербуллинг құрбандарының белгілері туралы айтып өтті. Соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Барлық қатысқан ата – аналар саны – 140. #ҚОББтәрбие @goroo_balkhash
Автор: №9 ОМ