«Мен құқығым» тақырыбындағы дәрістің ақпараты
Дата: 2022-02-05 09:41:04
2022 жылдың 3 ақпаны күні Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ полиция инспекторы А.А.Нұрбек 5 сынып оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Мен құқығым» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.