«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты

Дата: 2022-01-05 11:13:55
«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты

Қысқы демалыс уақытында кәметлетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 30-31 желтоқсаны және 2022 жылдың 4 қаңтары күні мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және қамқоршылар кеңесінің мүшесімен сағат 22.00 - 24.00 уақыт аралығында «Түнгі қала балалары» атты рейдтік шара ұйымдастырды.

Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық мекемелеріне, көл жағасына, көп қабатты үйлердің ауласына, яғни Ленина, Алимжанова, Бөкейханова, Сейфуллина, Желтоқсан көшелерінде, жертөрелерде және орталық саябақтарда ұйымдастырылды.

 Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ.

Автор: №9 ОМ