«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты

Дата: 2021-12-25 09:57:14
«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты

Кәметлетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың  профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 24 желтоқсаны күні мектеп әкімшілігі және қамқоршылар кеңесінің мүшесімен сағат 22.00 - 24.00 уақыт аралығында «Түнгі қала балалары» атты рейдтік шара ұйымдастырды.

Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық мекемелеріне, көп қабатты үйлердің ауласына, яғни Ленина, Алимжанова, Островского, Бөкейханова, Сейфуллина көшелерінде және жертөрелерде және орталық саябақтарда ұйымдастырылды.

 Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ.

Автор: №9 ОМ