Размер шрифта:

«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбындағы дөңгелек үстел ақпараты

Дата: 2021-12-13 18:04:38
«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбындағы дөңгелек үстел ақпараты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай 11 сынып жетекшісі С.Ботаханова «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге желтоқсан оқиғасының куәгері болған мектеп директоры Жолдасова Д.,тарих пәні мұғалімі Әбдіғаппар Ү.,шақырылды. Қазақстан Республикасының 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері, ата-баба аманаты, ұлт сабақтастығы мен ұлттық құндылықтар төңірегінде ой толғады. Ел болашағы білімді жастар екендігін айта отырып, жас ұрпақ иығына артылар жүктің ауырлығын еске салды. Аға ұрпақтың міндеті – жастарға дұрыс бағыт пен білім беру деген ойымен бөлісті.Ал жастар «Тәуелсіздік тұғырын биік ұстаған Қазақстан 30 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мәңгілік ел болуға бет алған мемлекетіміздің қадамы нық. Елімізді өркендету жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз» деген пікірлерін оқушылар жеткізді. #Qazaqstan30
Автор: №9 ОМ